ТАРО КАРТАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНСЫЗДАР МА?
Өз интуицияңызды қосып, Таро энергиясын сезгіңіз келеді ме?
Таромен жұмыс жасау
Курсымыздың төртінші модулі колоданы жұмысқа дайындау, карталарға өз энергияңызды беріп, жан бітіру, өзіңізге көмекші карта таңдау, Тарологтың этикалық қағидалары мен ережелері, интуицияны ашу секілді маңызды аспектілерді ашатын болады.
Сабақ 1. Таро карталарын жұмысқа дайындау
Бұл сабақта Біз Таро карталарын жұмысқа дайындайтын боламыз. Таромен медитация жасау, колодаға ниет беру, көмекші карта таңдау, колоданың жеке кеңістігі деген маңызды қадамдарды жасайтын боламыз.
Үй тапсырмасы: Өз колодаңызға жеке кеңістік дайындаңыз. Өзіңізге көмекші карта таңдаңыз
Сабақ 2. Таро карталармен жұмыс істеу ережелері мен этикалық қағидалар
Бұл сабақта біз Таромен жұмыс істеудегі негізгі ережелер мен этикалық қағидаларды білетін болмыз. Таролог мәдениетін қалыптастырамыз. Жайылым барысындағы тәртіпке үйренеміз.
Сабақ 3. Интуиция, энергия және өсу: сезімтал таролог болу жолы.
Бұл сабақта біз Таролог маманымен жақынырақ танысып, интуицияның маңыздылығын түсінетін боламыз. Сезімтал таролог болу үшін не істеу керектігін талқылаймыз. Энергия мен тароның байланысын түсінетін боламыз
Үй тапсырмасы: Бейнесабақта берілген практикалық жаттығуларды орындау.
Сабақ 4. Сұрақтар мен жауаптар: карталарға дұрыс сұрақ қоюдың маңызы және сұрақты қалайша тұжырымдау керек?
Бұл сабақта біз сұрақ қоюдың маңызын түсінеміз. Қалай дұрыс сұрақ қою керектігін үйренеміз. Тароға қандай сұрақтар қойылмайтынын білетін боласыз және практика арқылы өз сұрақтарыңызды құрастырасыз.
Үй тапсырмасы: Бейнесабақта берілген 2 практикалық тапсырманы орында және ол тапсырманы Telegram-чатқа жаз
Made on
Tilda