Таромен таныстық
Курсымыздың бірінші модулі жаңадан бастаушыларға арналған Таро негіздерімен таныстырады. Сіздер карталардың негізгі ұғымдарын, символикасы мен Таро түрлері жайында білетін боласыз. Біз Таромен жақындасуға көмектесетін жеті негізгі сабақтарды зерттейміз.
Сабақ 1. Таро дегеніміз не?
Бұл сабақта Сіз Тароның не екендігін тереңірек білетін боласыз және Таро карталарының құрылымымен танысасыз. Бұл видеода Сізге Тароның әр адам үшін ашық екенін көрсететін боламын.
Үй тапсырмасы: Өзіңізге жаңа Таро колода жиынтығын сатып алу (классикалық Райдер-Уэйт колодасын). Ол бізге курс бойы практикалық жұмыстар үшін керек болады
Сабақ 2. Тароның шығу тарихы
Бұ сабақта біз Тароның шығу тарихына және Таро жайында айтылған гипотезалар мен теорияларға тоқталатын боламыз. Тароның эволюциялық жолын өтеміз.
Үй тапсырмасы: Тароның тарихына бос уақытыңызда үңілу. Интернеттен ақпарат іздеу.
Сабақ 3. Тароның құрал ретінде атқаратын рөлдері
Бұл сабақта біз Тароны тек бал ашу құралы ғана емес, оның құрал ретінде атқаратын функцияларына мән беретін боламыз және Таро арқылы санамызды ашамыз.
Үй тапсырмасы: Өзіңізді мазалап тұрған сұрағыңызды карталарға қойып, карта тартыңыз. Ол картаның мағынасын интернетте іздемей, өзіңіз түсініп көріңіз.
Сабақ 4. Тароның негізгі ұғымдары
Бұл сабақта біз Тароның негізгі ұғымдарына тоқталатын боламыз. Үлкен Аркандар мен Кіші Аркандардың структурасына тереңірек үңілеміз.
Үй тапсырмасы: Үлкен Аркандар мен Кіші Аркандарды бақылап зерттеу. Сарай карталарының айырмашылықтарына мән беру
Сабақ 5. Тародағы символика
Бұл сабақта біз Тародағы негізгі символдарды талқылайтын боламыз. Түстер символикасы мен жануарлар символикасына тоқталамыз. Тародағы символдармен қалай жұмыс істеу керектігін айтамыз.
Үй тапсырмасы: Карталарды қолыңызға алып, олардың символдарын өзінше түсінуге тырысыңыз
Сабақ 6. Таро карталарының түрлері
Бұл сабақта біз Таро карталарының түрлеріне тереңірек тоқталатын боламыз. Классикалық Таро жүйелерін талқылаймыз және Классикалық колодалар жайында білетін боламыз.
Үй тапсырмасы: Интернет арқылы, эзотерикалық дүкенге бару арқылы Классикалық колодаларды зерттеу, қарау.
Сабақ 7. Заманауи Таро бағыттары
Бұл сабақта біз Заманауи Таро бағыттары жайында айтатын боламыз. Әр түрлі авторлық және тақырыптық Таро колодалар жайында тоқтала кетеміз. Заманауи бағыттағы колодалардың ішінен қайсысы сізге жақын екендігін түсінетін боламыз.
Үй тапсырмасы: Интернет арқылы Заманауи Таро бағыттағы колодалармен танысу
Made on
Tilda